Показать язык
Подмигнуть
Аскар Наймантаев нет на сайте
 
asautay
Пол: мужской
Возраст: 53
Город: Алматы
Страна: Казахстан
Режиссер театра и кино, актер, сатирик.


На данный блог подписано 2 пользователя (+)
НАВЕРХ

Аскар Наймантаев. "Кезінде отірікте уят болыпты"

О, тоба!

Кезінде өтірікте ұят болыпты,

Ұятсыз қылық өтірікке жат болыпты.

Құшақтасып қасыңда еріп жүрмей,

Өтірік көзге түспес қат болыпты.

 

Шындық та ол кезде шыңғырмапты,

Әдемі даусы бопты, сыңғырлапты.

Өтірік жоқ, шындығың кімге керек,

Шындық іздеп адамдар жын қумапты.

 

Өтірігің бас сұқпапты басқа үйге,

Көңіл-күйі жүреді екен «нәскиде».

Көшеге де шықпайды екен, ұялып,

Отырмапты трамваймен тәксиге.

 

Ел басқарған сұмпайы Ұлық бопты,

Ұлықтың сұлу қызы Қылық бопты,

Өтірік пен Шындығың соған ғашық,

Махаббат екеуіне құрық бопты.

Жендеттердің жіберіп бір жетеуін,

Сарайға Ұлық алғызыпты екеуін.

«Ал, - депті ол, - қызымды алсаң бірің,

Қалыңына не болады өтеуің?»

 

Солай депті Ұлығың, именбепті,

«Шыдасаң бағасына, үйлен!» - депті.

Шындық шіркін өмірі жарыған ба,

Өтірік те мал жиып үлгермепті.

 

«Білемін, берерің жоқ, кедейсіңдер,

Шартымды өзгертейін, не дейсіңдер?

Айтыңдар мен туралы ойларыңды,

Білейін мені кімге теңейсіңдер!

Тайсалмай, шындықты кім айта алса,

Қылыққа ие болдым дегейсіңдер!»

 

Мұны естіп Шындығымыз жайнап кетті,

Қанат бітіп, шабыты қайнап кетті.

Іштен тынып, айта алмай жүрген екен,

Ұлық рұқсат берген соң сайрап кетті.

 

«Есек ми, әтеш мінез, түрің доңыз,

Бақа бас, дене бітім – сасық қоңыз.

Ақ көңіл құрсақ тіккен «құрақ көрпе»,

Қайтеді әтек болса әкең жауыз!»

 

Тым-тырыс сарай іші тынып қапты,

Ауада шыбын-шіркей тұрып қапты.

Шындықтың жарқын шыққан дауысынан,

Бүкіл елдің құлағы тұнып қапты.

 

Өтірік бастап кетті сөз кезегін,

«Оу, Шындық, қалай ғана өлмей тұрсың,

Ұлыққа әділ баға бермей тұрсың.

Ұлықтың жан шошырлық бейнесінен,

Қалай сен, мейірімін көрмей тұрсың?

 

Рас, көрік пен сәніңізге Ұлық кенде,

Ақыл да таба алмайсың одан емге.

О, ғажап! Бірақ бұл дүбәрәға

Бағынып отырмыз ғой талай пенде!

 

Хақ тағала, сан ғаламды ретіменен таратқан,

Аспандағы Ай мен Күнді – Ұлық үшін жаратқан!

О, Ұлығым, саған ғана қызыметі олардың,

Ұйықтағанда Айың туып, оянғанда таң атқан!

 

Ұлыққа артық болар білім деген,

Сарай толы ғалым ғой дірілдеген.

Дұшпаның именетін артықшылық,

Көріктісің – жексұрын түріңменен!»

 

Шындық сонда шыңғырыпты, ұлыпты,

Даусы бітіп қарлыққанша тұрыпты.

Өтірікті дәл қазір тоқтатпаса,

Құдай жасап жібереді Ұлықты!!!

 

Өтірік солай ұяттан арылыпты,

«Суайт» деген атақ ап, қағыныпты.

Булығып, іштен тынып содан бері,

Сорлы Шындық, дауыстан қағылыпты...

 

Ау?... Не?... Е-е-е!..

Қылық қыз ба... Енді ол қыз емес пе!?..

Әкесін беттен сүйіпті дейді,

Өтірікті желкеден түйіпті дейді,

Шындыққа қарап күйіпті дейді,

Шындық мең-зең, Өтірік өршіп кеткенде,

Топас деген біреуге тиіпті дейді...

Енді ол қыз емес пе!

Өртеңгенді, шыңғырғанды қайтеді?

Теңін тапқан ғой...

 

26 апреля 2011 00:28

Комментарии


Авторизуйтесь, чтобы оставлять свои комментарии
Если у вас нет аккаунта на Намбе, тозаведите же его скорее!